Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Өндірістік бақылау қызметінің лауазымды тұлғаларының өкілеттіктері кеңейтілмек

2019 жылдың 7 қараша 2019 12:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өндірістік бақылау қызметтерінің лауазымды тұлғаларының өкілеттіктері кеңейтілетін болады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ержан Аманиязов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заң жобасында ескірген, моральдық және физикалық жағынан тозығы жеткен жабдықтарды біртіндеп пайдаланудан шығару мақсатында қауіпті өндірістік нысандарды уақытылы жаңарту және техникалық қайда жарақтандыруды жүргізу мәселелерін реттеу ұсынылады. »Азаматтық қорғау туралы« заңның 69-бабына ұсынылған түзету өзінің нормативтік қызмет мерзімін өтеген техникалық құралдарды уақытылы жаңарту арқылы өнеркәсіптік қауіпсіздік қамтамасыз етілетіндігін айқындайды», - деді Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіп қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған вице-министр.

Ержан Аманиязов атап өтуінше, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіпорындарда өндірістік бақылау рөлін арттыру үшін өндірістік бақылау қызметтерінің лауазымды тұлғаларының қызметін регламенттеу және олардың мәртебесін күшейту ұсынылып отыр.

«Бұл жерде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы барлық қауіпті өндірістік нысандарда ішкі бақылауды іске асыратын және өнеркәсіктік қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық мамандардан тұратын өндірістік бақылау қызметтері бар. Алайда өндірістік практика тәжірибесі осы қызметтер формальды түрде жұмыс істейтіндігін көрсетеді», - деді Ержан Аманиязов.

Вице-министрдің айтуынша, өндірістік бақылау қызметтері өндірісте анықталған бұзушылықтарды жоймайды немесе жасырады.

«Осыған байланысты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында өндірістік бақылауды жүзеге асыратын ұйым лауазымды тұлғаларының қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын жұмыстарды тоқтата тұру өкілеттігі беріліп, өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйін тексеруді ұйымдастыру, жүргізу және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмыстан шететту құқығы ұсынылады», - деді ол.

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Парламент, Өнеркәсіп, Заң,
Жоғары қарай