Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Өнертапқыштар қаржыландыру үшін қайда жүгінуі керек –комитет

2019 жылдың 21 қазан 2019 21:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР СІМ Инвестициялар жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Лариса Жұмағалиева өнертапқыштарды қаржыландыру тетіктерін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Qazaqstan» ұлттық арнасындадағы «Аshyq alań» қоғамдық-саяси ток-шоуында спикерге «Өнертапқыштар өз жаңалықтарын қаржыландыру үшін инвестиция тартқысы келсе, алдымен қайда жүгінуі керек?» деген сұрақ қойылды.

«Биыл біз Тікелей инвестициялар қорын аштық. Ол қордың жалпы капитализациясы 370 млрд теңгені құрады. Алғашқы уақытта қорға 70 млрд теңге салдық. Сол қор Еуропа қайта құру және даму банкімен бірлесіп, 5 млрд долларды сол бағытқа жұмсап жатыр. Егер өнертапқыштар мен кәсіпкерлер инновациялық жобаларды жүзеге асырғысы келсе, алайда қаражаты жетпесе, қорға хабарласа алады. Сонымен бірге, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы кеңінен тараған. Сол бағдарламаның бір бағыты – инновациялық гранттар беру. Онда 3 млнға дейін инновациялық гранттар беріледі, қазір оның көлемі артты», - деді Л. Жұмағалиева.

Еске сала кетсек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауында «Ірі әрі серпінді жобаларды жүзеге асыру үшін шетелдік инвесторлармен бірлесіп инвестиция салу қағидаты бойынша жұмыс істейтін Шикізаттық емес секторға бөлінетін тікелей инвестиция қорын құруды тапсырған болатын.

ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин Тікелей инвестициялар қоры компаниясының директорлар кеңесін басқарады.

Жоғары қарай