Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Өңірлерде ұлы қайраткерлердің көшелері өзгертілмеуі тиіс - Дәурен Абаев

2019 жылдың 21 наурыз 2019 18:03

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "Ашық диалог" бағдарламасында өңірлердегі көше атауларының өзгеруі туралы пікір білдірді , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Өңірлердің көпшілігі орталық көшелеріне ҚР Тұңғыш Президентінің атын берді. Бірақ бүгін Республикалық ономастикалық комиссиясының отырысы өтті. Онда Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Тараз қалалары бойынша өзге көшелер мен нысандарды қарау ұсынылды. Мұны жарысқа айналдырмауымыз керек. Абай, Төле би, Әбілқайыр хан және халқымыздың өзге де ұлы қайраткерлерінің көшелері мәдени-тарихи тұрғыда аса құнды. Сондықтан, комиссия осындай шешім қабылдады", - деді Дәурен Абаев.

Айта кетейік, бұған дейін Республикалық ономастикалық комиссия Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл облыстарының әкімшілік орталықтарындағы атауын өзгертуге ұсынылған көшелерді өзге объектілер мен көшелерді анықтай отырып, қайта қарауды ұсынғанын хабарлаған болатынбыз.

Жоғары қарай