Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Онкоорталықтарға медициналық техниканы сатып алуға қатысты шағым тексерілуде

2019 жылдың 12 қараша 2019 16:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық орталықтарға арналған медициналық техниканы сатып алу рәсіміне қатысты шағымды тексеруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Химиотаргентті дәрілік заттар мен цитостатиктерді көбейтудің автоматтандырылған құрылғыларын сатып алу Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспарды іске асыру аясында жүзеге асырылады. Медициналық бұйымдарды сатып алуды Сатып алу ережесіне сәйкес (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген) «СК-Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибьюторы ұйымдастырады. «СК-Фармация» ЖШС мәліметінше, 12 медициналық бұйымды сатып алуға арналған тендерге 3 әлеуетті тауар жеткізуші қатысты», - деп аталып өткен Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінде.

Белгілі болғандай, бірінші тендер тауар жеткізушілердің Қазақстан Республикасының аумағына медициналық бұйым әкелуге және одан әрі пайдалануға рұқсаты бар екенін растайтын құжаттарын көрсетпеуіне байланысты өтпеді.

Осыған байланысты «СК-Фармация» ЖШС 19 қыркүйекте тендерді қайта жариялады және 30 қазанда қорытындысы шықты.

«Алайда, тауар жеткізушілер тендердің қорытындысымен келіспей өтініш жазған. Денсаулық сақтау министрлігі сол шағымға байланысты тиісті тексеру жүргізу туралы шешім қабылдады. Шарт жасасу тексеру қорытындылары аяқталғанға дейін тоқтатылды. Қорытынды туралы қосымша хабарлаймыз», - деп нақтылады ведомствоның баспасөз қызметі.

Жоғары қарай