Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Оңтүстік Корея Қазақстан азаматтарының келуіне шектеу қоя ма

2019 жылдың 16 қазан 2019 11:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оңтүстік Корея тарапынан Қазақстан азаматтарының елге келуіне шектеу қоятындығы туралы ресми хабар келген жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіздей біз де бұқаралық ақпарат құралдарынан «Корея тарапы Қазақстан азаматтарының елге келуіне шектеу қояды» деген ақпаратты көрдік. Осыған орай мұндай ақпараттың бізге ресми келмегендігін хабарлаймыз. Ресми хабар келіп түссе, онда біз оны жариялаймыз», - деді Айбек Смадияров.

Оның дерегінше, 2019 жылдың 1 қыркүйегіндегі корей тарапының берген деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяның аумағында 10 785 Қазақстан азаматы жүр.

«Форум басталар алдында біздің министріміз кореялық әріптесімен екіжақты кездесу өткізді. Оның барысында кореялық тараппен екі елдің арасындағы көші-қон саясаты мәселелерін қарастырды. Бірақ, мән-жайын сіздерге жария ете алмаймын», - деді ресми өкіл.

Айта кетейік, ҚР Сыртқы істер министрлігінде «Орталық Азия - Оңтүстік Корея» 12-форумы өз жұмысын бастады. Шараға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан Сыртқы істер министрлері қатысуда. Ал Түрікменстан тарапынан сол елдің Қазақстандағы Елшісі қатысып отыр.

Жоғары қарай