Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Оңтүстік Кореяда бала қаққан қазақстандыққа қандай жаза тағайындалуы мүмкін

2019 жылдың 16 қазан 2019 11:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореяда көлікпен бала қағып кеткен жігітке қатысты деректермен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңізде білетіндей, азаматымыз өз еркімен Сеул қаласына барды. Бұл Корея тарапымен келіссөздер барысында жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта ол Чунбон қаласының тергеу изоляторында отыр. Тергеу амалдары басталды. Бүгін біздің консул тергеушімен, сонымен қатар азаматымызбен кездеседі. Біз оның барлық құқықтарының қорғалып, сақталуын қадағалап отырамыз. Адвокат мемлекет қаржысы есебінен Корея тарапынан ұсынылады. Егер өз қаражатына жалдағысы келсе, біз оған жақсы адвокат тауып береміз. Сондықтан қандай да бір қорытынды шығаруға әлі ерте деп ойлаймыз. Тергеу барысы барлық мән-жайды анықтап, сот болады. Онда корея тарапы мұның барлығын егжей-тегжейлі қарастырады», - деді ресми өкіл.

Оның атап өтуінше, Қазақстан азаматының үстінен қылмыстық іс қозғалған. Қандай жазаның тағайындалатындығы бүгін Қазақстан консулының тергеушімен кездесуі барысында анықталады.

«Ол Кореяда өткен жылдан бері 1 жылдан астам уақыт бойы заңсыз жүрген. Және қылмыс жасалған сәтте қорқып, қашып кеткен. Небері 20 жастағы жас жігіт. Бірақ, оқиғаның күрделі екендігін түсініп, өз еркімен оқиға болған жерге қайтып оралды. Ал кореялық баланың жағдайы жақсарып келе жатыр. Қазір өздігінен жүріп-тұра алады. Бәрі жақсы, сауығып кететіндігіне сенімдіміз»,- деді Айбек Смадияров.

Еске сала кетейік, біраз уақыт бұрын Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяда кішкентай баланы қағып, оқиға орнынан ізін суытқан еді.

Біраз уақыттан кейін оның Павлодарда жүргені белгілі болды. қазанда Қазақстан азаматы тергеу іс-шараларына қатысу үшін Сеул қаласына өз еркімен ұшып барды.

/

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Оқиға, ҚР СІМ,
Жоғары қарай