Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Оңтүстік Кореямен көші-қон саласында келісім жасалмақ

2019 жылдың 17 қыркүйек 2019 12:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер және Ішкі істер министрліктерінің өкілдері Оңтүстік Кореяның Әділет министрлігінің иммиграция қызметінде кездесу өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстанның Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Кездесуде көші-қон саласындағы серіктестікті одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды. Екі тарап көші-қон саласында ақпарат алмасу жөніндегі келісімді пысықтап, қол қою туралы өзара түсіністікке қол жеткізді. Бұл келісім заңсыз көші-қон мен қос азаматтықты болдырмауға қатысты ақпараттарды жедел алмасуға мүмкіндік береді. Келісімге қол қою арқылы заңсыз миграцияға және екі ел заңдарының бұзылуына жол бермеу жөніндегі ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығамыз», - дейді ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің басқарма басшысы Асқар Алдоңғаров.








Жоғары қарай