Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Орал қаласы әкімдігі көпбалалы ананы сергелдеңге салып қойған

2019 жылдың 24 мамыр 2019 13:17 671

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда көпбалалы ана Бақтылы Ескендірованың тұрғын үй алудағы құқығы қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО сотының Азаматтық істер жөніндегі сот алқасы аталмыш мәселеге нүкте қойды.

Сот талқысында белгілі болғанындай, Б.Ескендірова Орал қаласы №2 сотының 2018 жылғы 24 маусымдағы шешімімен Орал қаласы әкімдігінің 2000 жылғы 28 наурыздағы қаулысы негізінде көпбалалы отбасы ретінде тұрғын үйге мұқтаж ретінде танылып, №369 болып есепке қойылған. Бұл ретте Б.Ескендірованы кезектен шығару жөніндегі әкімдіктің 2018 жылғы 18 қаңтардағы №84 қаулысы заңсыз деп танылып, күші жойылған.

Шешім заңды күшіне еніп, Б.Ескендірованың кезегі қалпына келтіріліп, 2017 жылғы 17 қазандағы жағдай бойынша оның реттік нөмірі 40 болған.

Алайда тұрғын үй комиссиясының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы №23 шешімімен отбасы құрамында алты адамы бар Б.Ескендіроваға пәтер беруден бас тартылған. Бұдан кейін Б.Ескендірова бұл шешімді заңсыз деп тану туралы сотқа қайтадан жүгінген.

Орал қаласы №2 сотының биылғы 26 наурыздағы шешімімен Б.Ескендірованың талап-арызы ішінара қанағаттандырылып, тұрғын үй комиссиясының аталмыш шешімі заңсыз деп танылып, күші жойылған. Сот Орал қаласы әкімін заңбұзушылықты толық көлемде жойып, Б.Ескендірованың құқығы мен заңды мүддесін қалпына келтіруге міндеттеді. Ал Б.Ескендірованың «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй комиссиясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі атына  берген талап-арызы қанағаттандырылмады.

Бұдан кейін Орал қаласы әкімінің өкілі сот шешімін заңсыз деп тану туралы облыстық сот алқасына апелляциялық арыз түсірді.

Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы 21 мамыр күні бірінші сатыдағы соттың шешімін қуаттап, қала әкімінің апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды.

Қаулы жарияланған күннен бастап заңды күшіне енді.

Жоғары қарай