Ауа райы
Нұр-Сұлтан 17 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Оралда №1 емхананың шатыры құлады

2019 жылдың 11 наурыз 2019 18:07 1399

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда №1 қалалық емхана шатырының бір бөлігі құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға кеше сағат 13.00 шамасында орын алды.

Кеше жаңбыр аралас қар жауғаны белгілі. Соның салмағын көтере алмай, шатырдың бір бөлігі құлаған. Оның аумағы - 20 шаршы метр.

Аталмыш ғимарат 1972 жылы салынған. 2006-2007 жылдары күрделі жөндеу жүргізілгенімен, шатыры сол күйінде қалған. Шатырын биыл жөндеу жоспарланған.

«Қазіргі кезде аталған аумақ тазартылып, қажетті құрылыс материалдары алынды. Енді жөндеу жұмыстары басталады», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, биыл жыл басынан бері облыста 27 ғимаратта шатырдың ішінара құлауы тіркелген.

Қазіргі таңда қардың тез еруіне байланысты көшелерде су жиналуда, көп қабатты үйлердің төбелеріндегі мұз сүңгілері де қауіпті болып отыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын облыста тағы бір үйдің төбесі құлағанын жазған болатынбыз.

 

 

Жоғары қарай