Ауа райы
Нұр-Сұлтан 27 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Оралда автобустың ер адамды қағып кету оқиғасы тергелуде

2019 жылдың 1 наурыз 2019 20:31 962

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда автобустың ер адамды қағып кету оқиғасы тергелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 28 ақпан күні сағат 20.30 шамасында №5 бағытпен жүретін автобустың 1985 жылғы жүргізушісі Жәңгір хан көшесінде «Феникс» дүкені тұсында 1966 жылғы ер адамды қағып кеткен.

Белгіленбеген жерден жолдан өтіп бара жатқан ер адам алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

«Қазіргі кезде осы оқиға бойынша Орал қалалық полиция басқармасы ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде», деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автобустың ер адамды қағып кеткенін жазған болатынбыз.

 

 

Жоғары қарай