Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Оралда автокөлік велосипед мінген баланы қағып кетті

2019 жылдың 17 шілде 2019 20:06 272

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөлік велосипед мінген баланы қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін Чагано-Набережная көшесінде орын алды.

Сағат шамамен 16.40-та 1987 жылғы жүргізуші «Лада Ларгус» автокөлігімен белгіленбеген жерден велосипедімен өтіп бара жатқан баланы қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды. Оның жасы, кім екендігі анықталу үстінде.

Аталған оқиға бойынша Орал қаласы полиция басқармасы ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баланың жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болып кеткендігін жеткізді.

Жоғары қарай