Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Оралда автокөлік жанып кетті

2020 жылдың 11 қаңтар 2020 20:51

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөлік жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін кешкісін сағат 18.38-де орын алды.

Ет комбинаты №16 үй маңында 1992 жылғы азаматшаға тиесілі «Фольксваген Пассат» автокөлігінің мотор бөлігі мен салоны жанған.

Өрт №1 өрт сөндіру бөлімінің күшімен (6 адам, 1 техника) сағат 19.00-де сөндірілді.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде
Жоғары қарай