Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 386.04
EUR 427.77
RUB 5.88
CNY 54.45

Оралда суға батуға әрекеттенген әйел құтқарылды

2019 жылдың 16 шілде 2019 16:23 294

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда мас күйінде суға батып кетпек болған әйел құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін Коминтерн кенті тұсында Жайық өзенінде орын алды.

Сағат 13.57-де жедел құтқару жасағының үш қызметкері бір жүзу құралымен 1987 жылғы әйелді аман алып қалды.

Мас әйел суға кетіп, суицид жасамақшы болған.

Алғашқы психологиялық көмек көрсетілгеннен кейін азаматша полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Жоғары қарай