Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Оралда тоғыз автокөлікті айдап кеткен тұрғын ұсталды

2020 жылдың 13 ақпан 2020 10:16

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда тоғыз автокөлікті айдап кеткен тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соңғы кезде шаһардағы Шаған полиция бөліміне автокөліктерін әлдекімнің айдап кеткені жөнінде тұрғындардан түскен арыз көбейіп кеткен.

Жедел іздестіру шаралары барысында Круглоозерный кентінің 1994 жылғы тұрғыны ұсталды. Ол жауап алу кезінде Орал қаласы мен Зачаган кентінен тоғыз бірдей автокөлікті ұрлағанын айтып, мойындады.

Шаған полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Тимур Айтуғановтың айтуынша, күдікті автокөліктерді түнгі уақытта сағат 23.00-ден кейін айдап кетіп отырған. Ол автокөліктердің терезесін сындырып, сосын жанар-жағар майы таусылғанша айдап, кейін келесі машинаға ауысуға дейін барған. Осылайша «қызық» іздеген ол бір түнде екі автокөлік айдап кеткен.

Көліктер табылып, иелеріне қайтарылды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 200-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.









Жоғары қарай