Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 386.04
EUR 427.77
RUB 5.88
CNY 54.45

Оралда туристер мінген көлік бульдозермен соқтығысты

2019 жылдың 16 шілде 2019 17:22 257

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда туристер мінген «Хендай» автокөлігі бульдозермен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін таңғы сағат 09.21 шамасында Зачаган кентінде Саратовқа шығар жолда орын алды.

«Хендай» көлігінде 1974 жылғы жүргізуші мен оның әйелі болған. Олар Кореядан Қазақстан арқылы Ресейге, одан әрі Еуропа елдеріне саяхаттап бара жатыр екен.

Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ. Тек көлікке зақым келген.

«Қазіргі кезде жол-көлік оқиғасында кімнің кінәлі екендігі анықталу үстінде. Ерлі-зайыптылар тек корей тілінде ғана сөйлейді. Ағылшынша шамалы біледі. Мән-жайды нақтылауға бұл да кедергі келтіруде», деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне полиция департаментінің баспасөз қызметінен.








Фото: mgorod.kz

Жоғары қарай