Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Оралда жоғалып кеткен қыздың денесі өзеннен табылды

2019 жылдың 27 қазан 2019 22:56

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жоғалып кеткен қыздың денесі өзеннен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қыздың денесін 27 қазан күні сағат 15.00 шамасында балықшылар Жайық өзенінен тапқан.

Алдын ала болжам бойынша, бұл бұдан бір ай бұрын жоғалып кеткен 1991 жылғы келіншектің денесі.

Қарау кезінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған жоқ. «Айфон 5» телефоны алынды.

Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жоғалып кеткен 28 жастағы келіншектің іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.

Жоғары қарай