Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Оралда жол апатынан төрт адам жарақаттанды, оның екеуі - балалар

2019 жылдың 27 наурыз 2019 17:36

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында жеңіл көліктердің соқтығысуынан төрт адам зардап шекті, оның екеуі - балалар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше шамамен сағат 21.42-де Құрманғазы мен М.Ықсанов көшелерінің қиылысында болды.

«ВАЗ-2115» автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамастан, жүйіткіген күйі «Тойотамен» соқтығысқан.

Салдарынан «ВАЗ-2115» жүргізушісі мен сол автокөлікте отырған жолаушылар жарақат алды.

«Қазіргі кезде жол ережесін бұзған жүргізуші ауруханада жатыр. Шыққаннан кейін ол әкімшілік жазаға тартылатын болады», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем оқиға орнына 21.49-да шақырылды. Бригада 21.54-те жеткен.

«Облыстық көпбейінді ауруханаға 1987 жылғы ер адам, 1970 жылғы әйел және 2015, 2016 жылғы балалар жеткізілді. Ер адам хирургиялық бөлімшеге жатқызылса, қалғандары амбулаторлық ем алуға жіберілді», - деді А.Сақпосынова.

Жоғары қарай