Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Оралда жүкті әйел көпірден секірмек болды

2019 жылдың 22 қыркүйек 2019 02:52

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында жүкті әйел көпірден секірмек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Оқиға 13 қыркүйек күні Шаған өзенінің үстімен өтетін көпірде, «Динамо» спорттық базасына жақын жерде болған.

Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жас келіншек көпір қоршауының арғы бетіне өтіп алып, секірмекке дайындалған.

«Ол аяқ киімін де шешіп үлгерген. Бақытқа орай, полиция старшинасы Самат Балданов сол жерге жақын маңда болған. Ол жеке көлігімен түскі үзіліске бара жатып, көпірде жалғыз тұрған әйелді байқаған. Старшина дереу жолдың жиегіне көлігін қалдырып, жаяу келіншекке қарай бет алған. Сол уақыт аралығында ол қоршаудың арғы бетіне өтіп үлгерген. Бір мезетте тепе-теңдікті ұстай алмай, төмен құлаған. Бірақ дер уақытында жеткен Балданов оны қолынан ұстап алып үлгереді. Өтіп бара жатқан жүргізушілердің көмегімен полицей оны жоғары шығарып алды», - деді департаменттен.

Кейін, суицид жасамақ болған Орал қаласының 31 жастағы тұрғыны және оның аяғы ауыр екені анықталды.

«Сондай-ақ стрестік жағдайда болған әйелде эпилепсия ұстамасы басталған. Старшина Самат Балданов оқиға орнына полицияның қосымша күштерін және жедел жәрдем шақырған. Медицина мамандары оны облыстық ауруханаға алып кетті. Әйелдің сөзінше, ол отбасындағы қиындықтарға байланысты өз-өзіне қол салмақ болған», - деп қосты ведомствода.

Полиция департаментінің өкілдері Самат Балдановтың әрекеті басшылық тарапынан атап өтілетінін жеткізді.

Жоғары қарай