Ауа райы
Нұр-Сұлтан 13 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Оралдағы драма театрға жас мамандар көп тартылмақ

2019 жылдың 27 наурыз 2019 21:02 1466

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Х.Бөкеева атындағы БҚО қазақ драма театры жас актерлармен толыға түспек. Бұл туралы Халықаралық театр күніне арналған мерекелік шарада айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиевтің айтуынша, Хадиша Бөкеева атындағы қазақ театры өз шеберлік деңгейін жыл санап жетілдіріп келеді.

Өткен жылғы желтоқсанда 25 жылдығын кең көлемде атап өткен киелі қара шаңырақта жыл сайын сегіз-тоғыз жаңа қойылым сахналанады. Биылғы маусымның өзінде бес спектакльдің премьерасы болды.

Театрдың ертеңі мықты болуы үшін оның құрамын  талантты жастармен толықтырып отырған ләзім.

«Қазіргі кезде актерлік мамандыққа оқып жатқан жастар аз емес. Осыған орай театр ұсынысына сәйкес биылдан бастап Оралдағы жастар шығармашылығы орталығында қосымша отыз штат ашылады. Онда өзінің өнерін театр саласына арнағысы келетін жас мамандар қабылданып, өз қабілет-қарымын дамытатын болады. Содан кейін олар театрға келеді», деді Қадырболат Қабдырұлы.

Театр ұжымын мерекемен белгілі айтыскер ақын, тіл жанашыры, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Шолпан Қыдырниязова құттықтады.

«Өзіңді көру үшін, өнеге теру үшін, жамандықтан жиреніп, адамдыққа еру үшін, жалпы, ұлтыңды тану үшін, лапылдап жану үшін, ұлт болып қалу үшін театрға келу керек. Театрды сүю керек. Театрдың жанкешті актерларымен бірге қуанышқа шаттанып, қайғыға күю керек. Сонда ғана біз қазақ деген толыққанды ұлт болып қаламыз», - деді Шолпан Батырқызы.

Театр мейрамына орай сала үздіктері алғысхаттармен, түрлі аталымдармен марапатталды.



null 

Жиында айтылғанындай, Халықаралық театр күні 1961 жылдан бері аталып келе жатқанымен, оның тамыры тереңде. Ең көне қойылым осыдан екі жарым мың жыл бұрын Афиныда қойылғаны жөнінде тарихи деректер бар.



null 

null 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО театрының жаңа қойылымын Фариза ақынға арнағанын жазған болатынбыз.

 

 

Жоғары қарай