Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Оралдағы қоқыс полигонын басқа жаққа көшіру мүмкін емес - БҚО әкімі

2019 жылдың 12 қараша 2019 13:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысындағы қоқыс полигоны келесі жылы жабылады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрмыстық қоқыс полигоны жергілікті кәсіпкерлердің меншігінде. Жазда және күзде болған өрт мәселелері қазір шешіліп жатыр. Полигон иелері өрттің алдын алу мақсатында қосымша техника алды», - дейді Ғали Есқалиев.

Облыс әкімі тұрмыстық қалдықтар полигонын көшіру мүмкін емес екенін айтты.

«Оны көшіру мүмкін емес, тек жабу керек. Жақында келесі жылдың бюджетін талқылаған кезде қаражат бөлу жағын қарастырып, жылдың бірінші жартыжылдығында, яғни жаз мезгілінде полигонды жабамыз», - ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Орал тұрғындары қоқыс полигонынан тараған улы түтінге тұншығып отырғанын жазған болатынбыз.

Жоғары қарай