Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Ордабасы ауданында тұрғындарға 60 мыңнан аса маска тегін таратылды

2020 жылдың 28 наурыз 2020 00:43

ОРДАБАСЫ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Ордабасы ауданында жергілікті тұрғындар мен кітапханашылар, еріктілер бетперде тігуді қолға алды. Жұмылып жұмыс істеудің арқасында тұрғындарға 60 мыңнан аса бетперде тегін таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қауіпті індеттің өршуіне байланысты өңірде медициналық маскаға сұраныс артқаны белгілі. Осы ретте ауданда жаңадан қолға алынған қорда 31 мыңнан астам бетперде жинақталған.

Сонымен қатар, аудан бойынша әлеуметтік аз қамтылған 105 отбасыға бір айлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры таратылып берілген. Оған жергілікті халық қалаулылары мен кәсіпкерлер демеушілік жасады.

Аудан бойынша коронавирус дертіне байланысты 5 бағытта тәулік бойы жұмыс істейтін 5 санитарлық бекет орнатылып, онда полиция мен денсаулық сақтау мамандары тәулік бойы тексеруде.




Олар әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтарды қатаң тексерістен өткізеді. Жергілікті әкімдік тарапынан ыстық тамақ та ұйымдастырылған.











Жоғары қарай