Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 388.96
EUR 432.21
RUB 6.09
CNY 54.99

Орманда адасқан ақмолалық қария 5 күннен кейін табылды

2019 жылдың 25 маусым 2019 13:33

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Зеренді ауданында осыдан 5 күн бұрын орман ішінде адасып қалған қария бүгін аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аумақтық ТЖД баспасөз қызметінің дерегі бойынша, маусымның 20-да Викторовка аулының тұрғыны, 1952 жылғы әжей үйінен шығып қайтып оралмаған. Бастапқыда туыстары өз күштерімен іздеп нәтиже шықпаған соң маусымның 24-де құзырлы органдардан көмек сұраған.

«Осыған орай, жергілікті атқарушы билік, учаскелік полиция мен аудандық ТЖБ қызметкерлері және ауыл тұрғындарынан жасақталған іздеу тобы құрылып, 5 тәулік бойы қарияны іздестірді. Нәтижесінде қария Викторовка ауылынан 9 шақырым қашықтықта орман ішінен табылды. Қария дін аман медициналық көмектен бас тартты», деп айтты ТЖД баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.

Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Оқиға, Ақмола облысы,
Жоғары қарай