Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Өртті өзі сөндірмек болған ақтөбелік ауруханаға түсті

2019 жылдың 19 маусым 2019 22:51 569

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жеке үйдің ауласынан шыққан өрт баспананың, құрылыс дүкенінің шатырына ұласты. Өртті өзі сөндірмек болған 38 жастағы азамат ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін сағат 16:29-да Ақтөбе қаласы, Жиенбаев көшесіндағы №44 жеке үйдің ауласы өртеніп, өрт үйдің және жалғасып салынған құрылыс дүкенінің шатырына ауысты. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 17 адам, 4 автокөлік жіберілді.

«Өрттің жалпы өрт алаңы - 200 ш.м. Өрт сөндіру барысында жапсарлас салынған дүкен және гараж көлігімен құтқарылды. Өз күшімен сөндіру барысында құлап, жарақат алған 38 жастағы ер адам жедел жәрдем қызметкерлерінің күшімен ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Апаттар медицинасы орталығының мамандары  3 адамға психологиялық көмек көрсетті. 

Жоғары қарай