Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 384.63
EUR 427.98
RUB 6.08
CNY 54.68

Өскеменде 1000 орындық қазақ мектебі ашылды

2019 жылдың 1 қыркүйек 2019 22:41

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемендегі №19 шағын ауданда 1000 орындық қазақ мектебі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

№48 мектептің ашылуына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қатысты.

«Сапалы білім – қарқынды дамудың, өркениеттің басты шарты. Сол себепті ел Президенті мен Үкіметтің жүктеген тапсырмаларын жүзеге асырып, облыста білім сапасына ерекше көңіл бөліп отырмыз. Өскемендегі 50 мектепте 38 мың оқушы жаңа оқу жылын бастап отыр. 4600 бала ең алғаш мектеп табалдырығын аттады. Ал бүгін ашылған білім нысаны жаһандану дәуіріндегі жаңа технологияның талаптарына сай ерекше ошақ болмақ», - деді Даниал Ахметов.

Жаңа нысанда толық жабдықталған оқу кабинеттері, инженерлік-техникалық бағыттағы түрлі үйірмелер мен секциялар жұмыс істейтін болады. Су жаңа мектепке қадам басқан 1000 оқушының арасында 1-сыныпқа келген 150 бала бар.


Жоғары қарай