Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Өскеменде 16 жастағы жасөспірім жетінші қабаттан құлап кетті

2019 жылдың 20 қазан 2019 09:43

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде 16 жастағы қыз бала жетінші қабаттан құлап көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алтайньюске сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 18 қазанда қаланың Стрелка ауданында болды. Жасөспірімнің қаза болу фактісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«Қазіргі болжам бойынша, қыз өз-өзіне қол жұмсаған. Тергеу шаралары жалғасуда, сараптама тағайындалды», - деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жоғары қарай