Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 408.61
EUR 454.09
RUB 5.86
CNY 57.28

Өскеменде 2 мыңға жуық үйді су басуы мүмкін - ТЖД

2020 жылдың 18 ақпан 2020 21:50

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Бүгін Өскемен қаласының құтқарушылары су басу қаупі бар үйлерді аралап, түсіндіру жұмысын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өскеменде су тасқынының алдын алу мақсатында жедел штаб құрылған. Осы уақытқа дейін 124 мың текше метр қар шығарылып, 5000 қап инертті материалдар дайындалыпты. Сондай-ақ, ұзындығы 6 шақырымнан асатын алты су өткізгіш канал мен арықтар тазартылған. Бүгінде шаһар бойынша 1965 үйді су басу қаупі бар.

«Бүгін арнайы комиссия мүшелері су тасқыны қаупі жоғары Аблакетка, Гавань, Согра және Защита аудандарын аралап қайтты. Тұрғындарға түсіндіру жұмысы жүргізіліп, табиғаттың тосын мінезіне алдын ала дайын болу керектігі ескертілді. Алдағы уақытта да бұл мақсаттағы жұмыстар жалғасын таппақ», - деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі.


Жоғары қарай