Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Өскеменде 28 жастағы жүргізуші есірткіге елтіген күйі автобус айдаған

2019 жылдың 11 қазан 2019 20:23

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде полицейлер есірткі қабылдаған автобус жүргізушісін көлік айдаудан шеттетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін патруль полиция батальоны мен ШҚО полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері «Автобус» жедел алдын алу шарасы аясындағы рейд кезінде есірткі қабылдап, көлік айдаған жүргізушіні ұстады.

Куәландыру нәтижесінде қала ішінде тұрақты түрде жолаушы тасымалдаумен айналысқан 28 жастағы шағын автобус жүргізушісінің каннабиноид қабылдағаны анықталды.

Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 608-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Айта кетейік, 10-17 қазан аралығында облыс аумағында «Автобус» жедел алдын алу шарасы өткізіліп жатыр.

Жоғары қарай