Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Өскеменде оқушы қыз көпірден секірмек болды

2019 жылдың 9 қыркүйек 2019 21:09

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде мектеп оқушысы Ертіс көпірінен секірмек болды. Бұл туралы ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгін таңертең Өскемендегі Ертіс көпірінен кәмелеттік жасқа толмаған қыз секіріп өлмек болды. Оқиға орнына жеткен полиция аға сержанты Жасұлан Бекболатұлы мен лейтенант Азамат Ибраимов төтенше жағдай қызметкерлерімен бірге көпірден секіргелі тұрған 11-сынып оқушысына жақындап барған. Сақшылар қызды сөзге тартпақ болғанымен, ол жарты сағат бойы үнсіз тұрған. Төтенше жағдай және полиця қызметкерлері қоршаудың жан-жағынан таяна бастаған. Құтқарушылардың бірі оған жүгіріп барған кезде полиция қыметкері оны ұстап алған. Полицияның аға лейтенанты Жасұлан Бекболатұлы мен ТЖ қызметкерінің бірлескен кәсіби-шұғыл әрекетінің арқасында қыз бала құтқарылды», - дейді Өскемен қаласының полиция басқармасының басшысы Дәуір Ибраев.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. 16 жастағы қызбен психолог мамандар сөйлесті. Ал полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.


Жоғары қарай