Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Өскеменде жоғары деңгейдегі ауаның ластануы тіркелді

2020 жылдың 8 қаңтар 2020 17:33

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мамандары соңғы күндері Өскеменде ауадағы зиянды заттардың жоғары деңгейі тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыс орталығында, Риддер қаласы және Жаңа Бұқтырма ауылында 3 қаңтардан басталған қолайсыз метеорологиялық жағдай қаңтардың 9-ына дейін созылмақ.

«Қазгидромет» РМК-нің Шығыс Қазақстан облыстық филиалы 31 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейінгі аралықта Өскемен ауасындағы зиянды заттардың рұқсат етілген концентрациясы төмендегідей өскен:

– көміртегі тотығы – 1,8-ге дейін;

– азот диоксиді – 1,6-ге дейін;

– күкірт диоксиді – 5,7-ге дейін;

– күкіртті сутек – 20,4-ге дейін артқан.


Авторы Талғатжан Мұхаметбекұлы


Жоғары қарай