Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Өскемендегі кальян барының иесі 15 тәулікке қамалды

2020 жылдың 30 наурыз 2020 18:29

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы кальян барының иесі төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

24 жастағы кәсіпкер заң талаптарын сақтамай, сағат 22.00-ден кейін кальян барының жұмысын жалғастыра берген. Төтенше жағдай режимін бұзған ер адам 15 тәулікке қамауға алынды.

«Жалпы облыс бойынша тәртіп сақшылары осындай заңбұзушылыққа жол берген 30 кәсіпкерді анықтады. Оның ішінде 12 адам әкімшілік қамаққа алынса (3-15 күнге дейін), 7 кәсіп иесіне 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған. Сондай-ақ 7 адамның ісі сотқа жіберілді», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, төтенше жағдай кезінде ірі сауда орындарының жұмыс уақыты 10.00-ден 18.00-ге дейін шегерілген.

Дәмханалар мен мейрамханалар сағат 22.00-ге дейін ғана жұмыс істей алады. Сонымен қатар ондағы келушілер саны 50 адамнан аспауы тиіс.


Жоғары қарай