Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Өскеменнің іргесіндегі көшелерге орталықтандырылған ауызсу тартылады

2020 жылдың 13 қаңтар 2020 10:23

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Биыл Өскемен қаласының шет аймақтары орталықтандырылған ауызсумен қамтылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімі Жақсылық Омардың айтуынша, 2020 жылдың соңына дейін Ахмер кентіндегі ауызсу мәселесі шешіледі.

«Қолға алынып отырған ауқымды жобалардың бірі – Красин кентіне ауызсу тарту. Өткен жылы басталған жоба 2021 жылы аяқталуы тиіс. Осының нәтижесінде 1600 үй ауызсумен қамтамасыз етіледі», – деді Жақсылық Омар.

Бұдан бөлек, «Альшемали» сауда үйінің іргесіндегі 120 үйге ауызсу тарту көзделіп отыр. Кеңес заманында мұнда су құбыры орнатылмағандықтан тұрғындар суды құдықтан алуға мәжбүр болған.




Автор: Талғатжан Мұхаметбекұлы


Жоғары қарай