Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Осы аптада елордадағы күзгі жәрмеңкелер маусымы аяқталады

2019 жылдың 17 қазан 2019 07:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 19-20 қазан күндері Нұр-сұлтан қаласындағы күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Елордадағы өңірлік ауылшаруашылық жәрмеңкелерін Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облысы аяқтайды.

Ауа-райының қолайсыздығына, сонымен қатар астық жинаудың жалғасуына байланысты Ақмола облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі 26-27 қазанынан 19-20 қазанына ауыстырылады. Бұл күні екі өңір - Солтүстік Қазақстан облысы мен Ақмола облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі бірге өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл осы жылдың соңғы өңірлік жәрмеңкесі болмақ.

Айта кетерлігі, күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусым- тамыз айының соңында басталды. Жәрмеңкеге барлығы 12 облыс қатысты. аталған жәрмеңкеге өңірлер 3,5 мың тоннадан астам түрлі өнімдер әкелініп, елорда базарларындағы бағадан 10-15 пайыз төмен бағамен сатылды. Еске сала кетсек, алдағы демалыс күндері ақмолалықтар елордаға 520 тоннадан астам азық-түлік жеткізеді.

Жоғары қарай