Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

«Оймаша» полигонында әуе шабуылына қарсы жаттығу аяқталды

2019 жылдың 19 қазан 2019 22:40

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қорғаныс бөлімшелерінің лагерлік жиыны аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Әуе шабуылына қарсы өткен жаттығуда қорғаныс әскерлері жауынгерлік және оқу атуларын орындады.

Ақтау, Ақтөбе және Атырау гарнизондары әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің 200-ге жуық әскери қызметшісі мен 50-ге жуық әскери техникасы іс-жүзінде жауынгерлік мақсаттағы жаттығуларды орындады.




Әскери қызметшілер ЗУ-23-2 зениттік қондырғыларынан және тасымалданатын зениттік-зымыран кешенінен жауынгерлік және оқу-жаттығу атыстарын, зениттік-артиллериялық взводтар атыстарын және зениттік дивизионның тактикалық жаттығуларын пысықтады.

Жиын барысында дайындығы жақсы бөлімшелерді анықтау үшін арнайы сайыс ұйымдастырылды. Әскери қызметшілер зениттік артиллерияның атыс курсы бойынша теориялық ережелерінен біліктіліктерін көрсетіп, тактикалық және арнайы даярлық бойынша көрсеткіштерін орындады.




«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бастығы подполковник Руслан Нұрахметовтың айтуынша, Атырау қаласы әскери бөлімінің зенитшілері үздік нәтижеге қол жеткізді.




























Жоғары қарай