Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
CNY 57.66

Өзбекстан ДСМ: Коронавирус жұқтырғаны расталған науқас инфарктен қайтыс болды

2020 жылдың 27 наурыз 2020 16:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырғаны расталған науқас инфарктен қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.

«Биыл 26 наурызда созылмалы ауруларымен диспансердің бақылауында болған Наманган қаласының 72 жастағы тұрғыны Р. облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына коронавирустық инфекция диагнозымен жатқызылды. Сол күні шамамен 23:00 шамасында, арнайы зертханалық зерттеулер нәтижесінде инфекция жұқтырғаны расталған», - делінген хабарламада.

Науқасқа вирус 12 наурызда түркиялық М. есімді қыздан жұққан, оған да осы ауру диагнозы қойылып, карантинге жатқызылған.

Науқас көптеген жылдар бойы диабетпен, созылмалы жедел жүрек жеткіліксіздігімен және басқа да аурулардан зардап шеккен. Ол бүгін таңертең сағат 4.30-да өткір миокард инфарктісінен қайтыс болды.


Жоғары қарай