Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

Өзбекстан газ экспортын тоқтатуы мүмкін

2020 жылдың 19 қаңтар 2020 18:20

ТАШКЕНТ. ӨзА-ҚазАқпарат -2025 жылға қарай Өзбекстан шетелдерге тасымалдайтын газ экспортын тоқтатуы мүмкін. Бұл жайында кеше Премьер-Министрлікке кандидатурасы ұсынылған Абдулла Арипов өзінің алдағы үкіметтік жоспарында айтып өтті, деп хабарлайды ӨзА агенттігі.

Оның айтуынша, «2025 жылға қарай Өзбекстан табиғи газ экспортын тоқтатып, оны қайта өңдеу мен қосымша құнды өнімдерді өндіру көлемін ұлғайтуды қолға алады. Электр энергиясына байланысты осы жылдар ішінде баламалы энергия көздерін пайдалану артатын болады», дейді.
Сондай-ақ, Абдулла Арипов 2030 жылға қарай Өзбекстанның электр энергиясын өндіруді 2 есеге, мұнай өнімдерін - 1,8 есеге, табиғи газды 1,2 есеге және көмір өндіруді 3,3 есеге арттыруды жоспарлап отырғандығын мәлімдеді.


Басты сөздер: Энергетика, Өзбекстан,
Жоғары қарай