Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Өзбекстанда қазақ диаспорасына арналған бизнес-форум өтеді

2019 жылдың 5 қыркүйек 2019 16:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2019 жылы 11 қыркүйекте Өзбекстандағы қазақ диаспорасы өкілдерінің қатысуымен өңірлік бизнес-форум өткізеді.

Бұл туралы ҚазАқпарат «Отандастар қорының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шара аясында Өзбекстандағы қандастарымен іскерлік қарым-қатынас орнату және шетелдегі отандастарды біріктіруге бағытталған «Қазақ мәдени-іскерлік үйін» құру мәселесі талқыланбақ. Сонымен қатар бизнес-форумда Қор және «Қазақ үйі» жобасының таныстырылымы өтеді. Бұдан бөлек, стартаптарды, отандастардың бизнес жобалары мен бастамаларын қолдау тетіктерін, соның ішінде оларды Қазақстанда ілгерілетудің нақты жолдарын, сондай-ақ халықаралық нарықтарға шығу бағытында көмек көрсету іс-шараларын талқылау жоспарланған.

«Бизнес-форум Ташкенттет «Wyndham Tashkent қонақ үйі», «Silk Road» залында 11 қыркүйекте кешке өтеді. Өзбекстандағы кәсіпкер қандастарымызды, осынау келелі істің қасынан табылуға шақырамыз! Тіркеу және толық ақпаратты +7 701 000 1404 WhatsApp немесе Telegram нөмірі, komek@oq.gov.kz электрондық пошта немесе Skype арқылы жүргізіледі», - делінген баспасөз баянында.


Жоғары қарай