Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Өзбекстанда жол апатынан Қазақстанның 5 азаматы жараланып, біреуі көз жұмған

2019 жылдың 23 маусым 2019 19:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Өзбекстанның Сырдария облысындағы Ташкент-Термез тас жолында жеңіл автокөлік пен КамАЗ жүк көлігінің қатысуымен жол апаты орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Апат салдарынан 7 адам зардап шекті, оның 6-ауы - Қазақстан азаматтары. Оның біреуі оқиға орнында мерт болды. Зардап шеккендердің арасында 2008 және 2010 жылы туған екі бала бар» делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанның елшісі бұл мәселені жеке бақылауына алған. Қазақстандық дипломаттар ҚР азаматтарына тиісті көмек көрсету үшін оқиға орнына жетті.

Қазақстан және Өзбекстан Денсаулық сақтау министрліктері қажетті медициналық көмек көрсету үшін тікелей байланыс орнатқан. Өзбек тарапы зардап шеккендерге операция жасау үшін Ташкенттен медицина мамандарын жіберді.

Жоғары қарай