Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Пара алған Қызылжар орман шаруашылығы мекемесінің директоры сотталды

2019 жылдың 18 тамыз 2019 01:30

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – «Қызылжар орман шаруашылығы» КММ директоры пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Қызылжар орман шаруашылығы» КММ директоры В.Пегановқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

В.Пеганов өңірдегі кәсіпкерлерден ағаш кесу және әкетуге рұқсат беру үшін 1 млн 231 мың теңге пара алды деп күдіктелген.

15 тамызда Петропавл қалалық сотының шешімімен В.Пеганов алты жылға сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі төмен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтейді.

Сотталушы мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

Жоғары қарай