Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Пара беруге үгіттеген адвокат ұсталды

2019 жылдың 16 қыркүйек 2019 13:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өңірдегі адвокаттар алқасының адвокатына сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі таратқан ақпаратқа сәйкес, ол «үйқамақ» түріндегі жазаны таңдауға жәрдем бергені үшін БҚО Орал қалалық мамандандырылған тергеу сотының лауазымды тұлғасына 80 мың теңге сомасындағы параны беруге азғыру және аталған соманы алаяқтықпен иелену күдігіне ілігіп отыр. Дегенмен, күдіктінің және оның адвокатының кінәларын мойындауына байланысты процессуалдық келісім жасау туралы өтінішхатпен олар қамауға алынған жоқ.

«Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Күдіктіге қатысты соңғы шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады», - деп атап өтеді агенттіктен.


Жоғары қарай