Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Паралимпиада ойындарында 37 спортшы елорда намысын қорғайды

2019 жылдың 7 қыркүйек 2019 18:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтөбеде V республикалық паралимпиада ойындары өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдағы 12-18 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында V республикалық паралимпиада ойындары өтеді.

Айтулы бәсеке пара дзюдо, отырып ойнау волейболы, жеңіл атлетика, пауэрлифтинг және үстел теннисі секілді спорт түрлерінен өтеді.

«Республикалық паралимпиада ойындарының басты екі ерекшелігі бар. Ол 4 жылда бір өтеді. Яғни 4 жыл бойы параспортшылармыз бұл жарысты асыға күтеді. Екіншіден, жарысқа ерекше жандар қатысады. Паралимпиада ойындарына барлық өңір өз мықтыларын жібереді және жыл өткен сайын қатысушылардың саны артуда. Біздің параспортшылар тыңғылықты дайындалды, әрине, споршыларымыздың жеңіс тұғырынан көрінуін тілейміз», - деді Нұр-Сұлтан қаласы балалар және жасөспірімдер және мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің директоры Рустам Қалин баспасөз маслихатында.

Оның айтуынша, V республикалық паралимпиада ойындарында бас қаламыздың намысын 37 спортшы қорғайды.

Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Олимпиада, Спорт, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай