Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

Парламенттік форумға дайындық жұмыстары талқыланды

2019 жылдың 24 маусым 2019 18:00 1420

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілісте Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен биылғы 23-24 қыркүйекте елордада «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында өтетін Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV Кеңесіне дайындық пен өткізу жөніндегі Ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Парламенттік форум ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық идеясына 25 жыл толуына арналады. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин алдағы іс-шараның маңыздылығына тоқталып, форумға халықаралық Парламент өкілдерінің қызығушылық танытып отырғанын атап өтті. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері парламенттік форумға дайындық мәселелерін, оның ішінде шетел парламенттері делегацияларының қатысуын растау мәселелерін талқылады», - делінген Мәжіліс баспасөз қызметінің мәліметінде.

Бүгінгі таңда форумға 51 елдің делегациясының келетіндігі расталған. Мұнымен қоса, 16-ға жуық халықаралық ұйымның қатысуы күтілуде.

 

 

Жоғары қарай