Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

Павлодар - Қызылорда тасжолындағы көлік апатынан ана мен бала қаза тапты

2020 жылдың 27 қаңтар 2020 17:40

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Таңертең олар мінген автокөлік аударылып, қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«27 қаңтар күні таңғы 9:00 шамасында «Павлодар-Қызылорда» тасжолының 88-шақырымында шығысқа қарай жүріп бара жатқан «Toyota Land Cruiser 200» маркалы автокөліктің 47 жастағы жүргізушісі рөлді игере алмай, көлік аударылған», - деп хабарлады Ішкі Істер министрлігі.

Салдарынан екі жолаушы (1975 жылы туған әйел мен 2011 жылғы бала) сол мезетте қаза тапты.

Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеуде.

«Оқиғаның себептері анықталып жатыр», - деп толықтырды мекемедегілер.


Басты сөздер: Павлодар облысы, Оқиға,
Жоғары қарай