Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Павлодар: Мектеп асханасында 23 баланың улануына байланысты іс қозғалды

2019 жылдың 17 қазан 2019 14:15

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті тексеру барысында мектеп асханасында санитарлық ережелердің бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сілтеме жасап.

Тексерістің алғашқы нәтижесін департамент басшысы Ирина Сорокина айтты. Ол уланған балалардың саны 23-ке дейін артқанын және олар - 1-7 сынып оқушылары екенін атап өтті.

«16 қазандағы жағдай бойынша стационарда бір бала қалды. Қалған 22 баланың жағдайы қанағаттанарлық, - деді Ирина Сорокина. - Эпидемиологиялық тексеру барысында мектептің ас блогында ереже бұзушылықтар тіркелді. Сондай-ақ зертханалық бақылау кезінде талапқа сай келмейтін сынамалар анықталды. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда. Сонымен қатар, полиция басқармасы тарапынан қылмыстық іс қозғалды».

Департамент басшысы балалардың улануының нақты себебі бәліштен немесе лас ыдыстардан болғаны 20 қазан күні, яғни талдау нәтижелері жарияланған кезде белгілі болатынын айтты.

Павлодар облысы полиция департаментінің ресми өкілі Жанар Белялованың мәлімдеуінше, ҚР ҚК 304 бабы – «ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша қозғалған қылмыстық іс негізінде тергеу жүруде.

Еске салайық, Павлодар ауылының №40 ЖОМ алғашқы жеті оқушысы 10 қазанда медициналық көмекке жүгінген болатын. Түнде балалардың қызуы көтеріліп, құсу және диарея басталған.

Оқыс оқиғадан кейін бірнеше күн ішінде зардап шеккендер саны 22-ге, содан кейін 23-ке дейін өсті.

Басты сөздер: Оқиға, Білім, Павлодар облысы,
Жоғары қарай