Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Павлодар облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне жаңа басшы келді

2020 жылдың 24 ақпан 2020 10:10

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Әбіл Дөңбаев Павлодар облысы тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстандық ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Осыған дейін Әбіл Дөңбаев Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болған (2016-2018).

Әбіл Дөңбаев 1979 жылы дүниеге келген. 1995 жылы Х. Мұңайтпасов атындағы республикалық спорт колледжін «спорт және дене шынықтыру» мамандығы бойынша тәмәмдап, 2002-2006 жылдары «құқықтану» бойынша Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алған.

Еңбек жолын дзюдо жаттықтырушысы болып бастаған, артынша ҚР құрамасының дзюдо бойынша жаттықтырушысы, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген, ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті төрағасының орынбасары және ШҚО бойынша туризм және спорт басқармасының бастығы болып қызмет атқарды.

2018 жылы денсаулығына байланысты Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымынан өз еркімен босатылды.

Әбіл Дөңбаев - дзюдо, самбо, қазақ күресінен спорт шебері. Оған кешенді спорт түрлерінен жоғары санатты ұлттық жаттықтырушы атағы берілді.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

Алматы қаласы Гимнастика федерациясының президенті, ҚР Карате кикушинкай федерациясының құрметті президенті, «Спорт менің ауламда» бағдарламасының авторы, «Қазақстанның еңбек сіңірген спорт қайраткері» атағының иегері.


Жоғары қарай