Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Павлодар облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

2019 жылдың 28 наурыз 2019 19:54

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының басшысы Болат Бақауов әкімдікте өткен кеңес барысында өзінің жаңа орынбасарын Арыстан Қабыкеновті таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Болат Бақауов оның жұмысына сәттілік тілеп, өзі басқаратын - инновациялар, инвестициялар тарту, жер қойнауын пайдалану, арнайы экономикалық аймақтар, кәсіпкерлік, сауда және туризм салаларының қыр-сырын жақсы білетінін атап өтті.

«Мен өзімнің орынбасарларымның арасындағы міндеттерді қайта қарап шықтым. Агроөнеркәсіп, соның ішінде орман, аңшылық және балық аулау шаруашылығы, экология және қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ «Павлодар» ӘКК дамуы, ауылдық аймақтарды сумен қамтамасыз ету және су тарту, ауылдық аймақтар мен тірек елді мекендердің дамуы мәселелерімен Қайрат Нүкенов айналысатын болады. Өнеркәсіпті қолдау және дамыту, еңбек заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету мәселелері облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұлан Жазылбекке көшеді», - деді өңір басшысы.

Арыстан Қабыкенов 1980 жылы дүниеге келген. О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «экономист», «заңгер» мамандықтары бойынша, Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын «қаржы» мамандығы бойынша, Ұлыбританияның Ноттингем университетін «Болашақ» бағдарламасы бойынша аяқтаған. Іскери әкімшілік магистрі, мемлекеттік басқару магистрі біліктіліктері бар.

Еңбек жолын 2001 жылы «ТАТ-2001» ЖШС-нің қаржылық басқарушысы болып бастап, кейін 2004 жылға дейін осы ұйымда қаржылық директоры қызметін атқарды. 2004-2006 жылдары Қаржы министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2006-2008 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің макроэкономикалық талдау және бағдарламалық мониторинг бөлімінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі болып еңбек етті. 2008-2013 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі, Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сектор меңгерушісі қызметтерінде болды. 2013-2015 жылдары Өңірлік даму, Ұлттық экономика министрліктерінде түрлі лауазымдарда еңбек етті. 2015-2018 жылдары ҚР Премьер-министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары, ҚР Жапониядағы елшілігінің инвестициялар жөніндегі кеңесшісі қызметтерін атқарды.

2018 жылдан 2019 жылдың 15 наурызына дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі қызметін атқарды.

Жоғары қарай