Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Павлодар облысында «Бірге – таза Қазақстан» акциясына 10 мыңнан астам адам шықты

2019 жылдың 4 тамыз 2019 07:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Бірге – таза Қазақстан» акциясы аясында Усолка өзен алқабының аймағы мен Ертіс өзені арқылы өтетін ескі автомобиль көпірінің артындағы учаске тазартылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Тазалық шарасына жиналғандарды облыс әкімі Болат Бақауов айналаны қоршаған ортаға бей-жай қарамауға шақырды.




- Бүгін барлық аудандар мен қалаларда «Бірге - таза Қазақстан» акциясы жүргізілуде, - дейді аймақ басшысы. – Былтыр облысымызда Экология жылы деп жарияланды. Біз балаларды мектеп қабырғасынан бастап қоқысты жеке жинауға үйреттік. Жаңадан құрылған Экология министрлігі акция өткізуді ұсынды және оған барлық облыстар, премьер-министрлер, барлық деңгейдің әкімдері қосылды. Бұл бір реттік шара болмауы тиіс.




Сенбілікке мемлекеттік органдар мен мекеме ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, «Жасыл ел» және «Жас Отан» жастары қатысы.




- Балаларымызбен бірге акцияға келдік, - дейді қала тұрғыны Мәдина Жақыпова. - Бұл үлкен жауапты іс. Отбасымызбен қолдадық. Жыл сайын осындай шаралар ұйымдастыру қаланы көркейтуге тәрбиелейді. Балаларды тәртіп пен тазалыққа кішкентай кезінен үйретеміз.




Квадрациклистер клубынан он бес адам қоқысты бірден шығару үшін техникамен келген.

- Жарты сағаттың ішінде судың жағасынан он шақты қап шығардық, - дейді кәсіпкер Виктор Ромакер. - Көбінесе пластик кездеседі. Біздің Еуропадан қай жеріміз кем? Өкінішке орай, адамдар тынығуға келгенде тазалықты сақтау қажет екенін ескере бермейді.

Айта кетерлігі, акцияға облыс бойынша 10 мыңнан астам шықты.

Басты сөздер: Павлодар облысы, Экология,
Жоғары қарай