Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Павлодар облысында көлік өртеніп, екі бала мен үш адам  зардап шекті

2019 жылдың 15 желтоқсан 2019 17:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан 2 бала мен 3 ересек адам зардап шекті. Бұл туралы «ҚазАвтоЖолға» сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«Көлік апаты «Ленинский-Ақсу-Көктөбе-Ұлкен Ажар» автожолында болған.Алдын ала мәлімет бойынша, «Газель» маркалы көлік қауіпсіздікті сақтамай жолдан бұрылған. Сол кезде оның артынан келе жатқан «Audi» көлігі қатты соғылып, өртене бастаған. Бақытқа орай, жақын маңда патрулдік полиция жүрген. Олар бірден көліктен адамдарды түсіріп, жедел жәрдем шақырған» делінген хабарламада.

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Оқиға, Павлодар облысы,
Жоғары қарай