Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Павлодар облысында Жастар жылы қорытындыланды

2019 жылдың 31 желтоқсан 2019 20:52

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Қаладағы Инвесторлар үйінде өткен Жастар жылының жабылуы салтанатына ауыл, шығармашылық, спорт жастарының өкілдері, жастар ұйымдарының басшылары, жастар арасындағы қоғамдық пікір көшбасшылары, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, жас депутаттар және мемлекеттік органдардың басшылары қатысты, деп хабарлайды

«Былтыр, 5 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады» - деді аймақ басшысы Болат Бақауов салтанатты шара барысында. «Ағымдағы жылы жастарды жігерлендіретін біршама жұмыстар мен іс-шаралар жүзеге асырылды. Жалпы менің ойымша, бұл жыл Павлодар облысы жастарына өте жемісті болды, келер жылы да осыдан табысты болатынына сенімдімін».

Облыс әкімінің орынбасары Асхат Ораловтың айтуынша, өңірде бір жыл ішінде NEET , яғни білімсіз, жұмыссыз және біліктілігін арттырмайтын жастар үлесі төмендеді. Өткен жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда саны 0,4 пайызға азайып, 6270 адамды құраған.

«Өңірде 14-29 жас аралығындағы 163 045 адам өмір сүреді. NEET үлесі бойынша облыс республикалық рейтингте бесінші орынға ие»,- дейді Асхат Оралов.

2019 жылы өткізілген және облыста жоспарланған барлық іс - шаралар табысты әлеуметтендіруді жүзеге асыруға және өңірдің барлық санаттағы жастардың әлеуетін арттыруға, NEET үлесі мен жастар жұмыссыздығын азайтуға бағытталған. Жастар жылында 851 павлодарлық «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқыды. 583 тұрғын өз бизнесін ашу үшін жарты миллион теңге грант алды. «Жас шебер» жобасы бойынша аймақтың 1017 тұрғыны кәсіпкер атанды. Жоба бойынша өңірдің барлық ауылдық округтерінде барлығы 15 адамды қамтыды. Сондай-ақ биылғы жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 18 981 жаңа жұмыс орны, оның ішінде 9 118 тұрақты жұмыс орны ашылды. Оған қоса, Павлодар облысында соңғы үш жылда «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша 2225 маман ауылға барған. Оның ішінде, көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау шараларын 1278 адам пайдаланса, тұрғын үй сатып алуға 871 маман несие алды. Осыған орай, ауылдық аумақтардың кадрлық әлеуетін қажетті еңбек ресурстарымен – білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жас мамандармен күшейту мақсатында Республикада «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы жүзеге асты. Сұранысқа ие, қоғамға пайдалы бағдарламаның жарқын өкілдерінің бірі, жас әкім – Азиза Ибраева. «Оқуымды аяқтаған соң, «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша мен өз мектебіме қайтып оралдым. Жас мамандарға ауылдық жерге келу үшін көтерме жәрдемақы төлеу мен тұрғын үй алу мүмкіндігі ұсынылады. Ауылдық жерлерде тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін 0,01 пайызбен 15 жыл мерзімге 3,7 миллион теңгеге несие сомасы бөлінеді. Бұл жас мамандар үшін мемлекет тарапынан жақсы қолдау деп ойлаймын»,-дейді ол.

Жас әкім 2017 жылы түрлі салалардағы біраз тәжірибеден кейін 27 жасында Железин ауданының Қазақстан ауылдық округінің әкімі болып сайланғанын атап өтті.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстан ауылдық округінің құрамына үш елді мекен кіреді. Жалпы 1200 адам тұрады. Жаңажұлдыз ауылы - Железин ауданының болашағы зор тірек ауылдарының бірі. Округ құнарлы топырақпен және еңбекқор адамдармен танымал. Өңір басшысы Болат Бақауов 2020 жылы Еріктілер жылы деп жарияланғанын еске салып,көмекке мұқтаж адамдарға жауапкершілікпен қарауға және одан да көп жақсылық жасауға шақырды.
Жоғары қарай