Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 376.84
EUR 407.97
RUB 5.91
CNY 53.80

Павлодарда 56 жастағы әйелді көлік қағып кетті

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 11:47

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 48 жастағы әйел рулінде болған ZAZ Chance автокөлігі қала тұрғынын қағып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. - Оқиға кеше, 21 қаңтар күні сағат 09.00 шамасында Солтүстік өндірістік аймақ көшесіндегі автожолда орын алған. Зардап шеккен тұрғын жол бөлігіндегі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өтіп бара жатқан. Салдарынан 56 жастағы әйел адам жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, - дейді департаментте.

Аталмыш фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Автокөлік айыптұрағына қойылды.


Басты сөздер: Оқиға, Павлодар облысы,
Жоғары қарай