Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Павлодарда алғашқы электробустар жолға шықты

2019 жылдың 1 тамыз 2019 21:36

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар қаласында алғашқы 10 электробус жолаушыларды тасымалдай бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Автобутар № 10, № 21 және № 22 бағдар бойынша қатынайды.

«Электробустар экологиялық таза көлік болып саналады. Атмосфераға қалдықтар таралмайды. Екіншіден, дизельдік отынмен салыстырғанда үш-төрт есе үнемді: дизельдік отын, май, қозғалтқышқа қызмет көрсету қажет емес», - дейді № 1 автобус паркінің директоры Ернар Қоңырханов.




Электробустар үлкен сыйымдылығы бар және тез қуаттандырылатын литий-титанатты аккумуляторлармен жабдықталған. Электробус толық қуат алғанда 70 шақырымға дейін жетеді.

Парк директорының айтуынша, маршруттардың соңғы аялдамаларында автобустарды 15 минутқа жуық қуаттауға қоятын станциялар орнатылған. Қалада барлығы сегіз станция пайда болды, тағы екі станция орнату жоспарланған.




№ 1 автопарк директоры хабарлағандай, мұндай батареялары бар электробустар Қазақстанда алғаш рет Павлодарға жеткізілді. Осыған ұқсас автобустар Ақтауда да бар, онда олар бір жыл жұмыс істеді және қатал климатқа есептелген.

«Батареялар сыйымдылықты минус 40 градусқа дейін сақтайды. Автоөндірушімен жыл бойы электробустар мен дизельді автобустардың техникалық сипаттамалары, параметрлері пысықталды. Зауытпен келісіліп, автобустарды қосымша жылу қазандығымен жабдықтады. Қыста дизель отынын жылыту үшін пайдаланады, бірақ электр қуатымен жүретін болады», – деп атап өтті Ернар Қоңырханов.




Көліктің ішінде отыратын – 29 және тұрып тұратын 46 орын бар. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін көтергіштер мен шынтақшалары бар орындықтар, сондай-ақ иттерге арналған арнайы орындар қарастырылған.

Электробустарға екі жыл немесе жүз мың шақырым жол жүруге, қуаттау станциялары мен батареяларға бес жылға кепілдік беріледі. Соңғыларын өндіруші зауыт ауыстырады және кәдеге жаратады. Кепілдік кезеңінің соңына дейін автопаркте өндіруші зауыттың инженері болады. Естеріңізге сала кетейік, автопаркті 76% дейін жаңарту «Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес компаниялары – «ҚДБ Лизинг» АҚ, Қазақстанның Даму Банкі арқылы жүзеге асырылды.




30 автобус үшін лизинг сомасы – 2 млрд 800 мың теңге. Бір электробус - 118 млн 200 мың теңге, дизельді – 55 млн теңге, алғашқысына жарты жылда қызмет көрсетуге - 2,5 млн теңге, екіншісіне – 8 млн теңге кетеді.




Ернар Қоңырханов атап өткендей, қызмет көрсету құнының төмендігінен бір жыл пайдаланғаннан кейін парк электробустарда жол жүру тарифін азайту мүмкіндігін қарастырады. 10 электробус және 20 дизельді Павлодарға 5 шілде күні таныстырылды. Дизельді автобустар шілденің соңында, ал электробустар – 1 тамызда жолға шықты.






Басты сөздер: Павлодар облысы, Қоғам, Аймақ,
Жоғары қарай